Ақтөбедегі шахтада жұмысшы қаза тапты

/
Ақтөбедегі шахтада жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында тау жыныстары опырылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 

«Қазхром» компаниясының ресми мәліметінше, қайғылы оқиға 20 қазанда Дон тау-кен байыту комбинатына қарасты шахтада болған. Қорғаныш бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау жыныстары опырылып түскен. Салдарынан ұңғылаушы өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алып, көз жұмған.

«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу жүріп жатыр. Кәсіпорын басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания оның отбасына қажетті көмек көрсетеді», – делінген кәсіпорын хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары