Алматылық ерлі-зайыпты Қазақстанды 72 күнде көлікпен аралап шықты (ВИДЕО)

/
Алматылық ерлі-зайыпты Қазақстанды 72 күнде көлікпен аралап шықты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Ғалым Байтымбет есімді азаматтың жұбайымен бірге Қазақстанды бүкіл периметрі бойынша көлікпен қалай аралап өткені туралы айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлі-зайыптылар 72 күнде 15 100 шақырым жол жүріп, еліміздің әр өңіріндегі көрікті жерлерді көрген. Сонымен бірге, 2 мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өткен.

Саяхат Алматыдан басталып, Алакөл, Марқакөл, Бурабай, Бозжыра мен Аралды қамтыған. Сапар кезінде ерлі-зайыпты 240 түрлі құсты көріп, әсем табиғатты 30 мың рет суретке түсірген.

Олар енді саяхаттан алған әсерлері мен түсірген кадрларын желі қолданушыларына көрсетуді жоспарлап отыр.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары