Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды

/
Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Polisia.kz

Жедел басқару орталығының қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жалған Range Rover автокөлігін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлікті тоқтатпақ болған патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талабына жүргізуші бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, қашып кетуге әрекет жасаған.

Көлік тізгінінде Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны болған. Ол сот отырысына бірнеше рет келмегендіктен, мәжбүрлі түрде жеткізілді.

Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады. Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған және жауапкершіліктен жалтарған азаматтар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары