Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды

/
Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды
Фото: ortcom.kz

Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінде екі бала қамалып қалды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, бесінші қабаттан төмен түсіп, төртінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді.

Пәтерде болған екі бала аман-есен шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары