Ақтөбеде өрт шыққан үйден бес адам құтқарылды

/
Ақтөбеде өрт шыққан үйден бес адам құтқарылды
Видеодан скриншот

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бес адам құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен түні Ақтөбедегі Станционная көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қойма бөлмесінен өрт шыққан.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірілген. Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттың жоғарғы қабаттарынан бес адамды құтқарған.

Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары