Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюталардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz Kurs.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 502 теңге, сату бағамы – 512 теңге.
Рубль 5,20 теңгеден сатып алынып, 5,40 теңгеден сатылуда. Ал юаньның сатып алу бағамы 66,56 теңге, сату бағамы 70,41 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 451,28 теңгеден сатып алынып, 453,64 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 505,61 теңгені, сату бағамы 510,17 теңгені құрады.
Рубль 5,22–5,34 теңге аралығында саудаланып жатыр. Юаньның бағамы сатып алу кезінде 67,47 теңге, сату кезінде 70,22 теңге деңгейінде қалыптасты.
Айта кетейік, валюта бағамы ақша айырбастау пункттеріне қарай өзгеруі мүмкін.