Алматыда бірқатар жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

/
Алматыда бірқатар жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
istockphoto.com

Алматыда ірі габаритті жүк көліктерінің қозғалысын тиісті деңгейде бақылауды қамтамасыз ету мақсатында салмақтық және габариттік бақылау жүйелерін орнату жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 19 қазан мен 19 қараша аралығында Құлжа тасжолының қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне қарай созылатын 200 метрлік учаскесінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар осы кезеңде Іле тасжолының қала шекарасынан Сүйінбай даңғылына қарай бағытталған 200 метрлік бөлігінде де реверсивті қозғалыс енгізіледі.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және технологиялық процеске әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар