«Қазгидромет» РМК 16 қазанға Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр, қар, тұман және қатты желге байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 16–18 қазан аралығында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 4 градус үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорғанда түнде 4–6 градус үсік күтіледі.
Атырау облысы
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Облыста жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–18 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
Солтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түнде облыс бойынша 1–6 градус үсік жүреді деп күтіледі.
Қонаев қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 18 м/с болады. Түнде 1–3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Облыста төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15–20 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысы
Облыста шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысы мен орталығында желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.