Қарағандыда 9 жастағы бала спорт алаңының қоршауына қысылып қалған

/
Қарағандыда 9 жастағы бала спорт алаңының қоршауына қысылып қалған
istockphoto.com

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Степной-1 шағын ауданында 2017 жылы туған баланың басы мектеп алаңындағы спорт кортының металл қоршауына қысылып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен металл қоршауды кеңейтіп, баланы босатты.

Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп, спорт және ойын алаңдарында ойнау кезінде оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар