Екібастұз қаласында полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 13 шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру М. Жүсіп және М. Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанында жүргізілді. Іс-шара барысында шетел азаматтары мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.
Аталған тұлғаларға қатысты Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.