Алматыда уланып қалған оқушылардың саны 55-ке жетті

/
Алматыда уланып қалған оқушылардың саны 55-ке жетті
24KZ

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде астан уланып қалған оқушы саны 55-ке жетті, деп хабарлайды turkystan.kz сайты 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жіті ішек инфекциясын жұқтырған олар, қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада емделіп жатыр.

Дәрігерлер барлығының жағдайы тұрақты екенін атап өтті. Сондай-ақ реанимациялық іс-шараларды қажет етпейді.

Еске сала кетейік, кеше 48 оқушының жіті ішек инфекциясымен ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектеп асханасында талаптың сақталмағанын мәлімдеді. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру ережесі бұзылған. Осы жәйт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ал оқушылар сабағы уақытша онлайнға ауыстырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары