Орал тұрғыны желіде балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды

/
Орал тұрғыны желіде балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезінде әдеп нормаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және балағат сөздер қолданудан аулақ болуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары