«Мұстафа Шоқай және Түркістан аймағының Азаттық жолындағы күресі»

«Мұстафа Шоқай және Түркістан аймағының Азаттық жолындағы күресі»

«Мұстафа Шоқай және Түркістан аймағының Азаттық жолындағы күресі»
ашық дереккөзі
Алматыда «Мұстафа Шоқай және Түркістан аймағының Азаттық жолындағы күресі» атты студенттерге арналған дөңгөлек үстел өтті. Бұл жинның басты ерекшелігі, студенттер тарихи тұлғаның саяси қызметі мен өмірі жайында жазған баяндамаларын  қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды.   Дөңгелек үстелге танымал шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықова келіп қатысты. Ол студенттерге Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі хақында тың мәліметтерді баяндап берді. «Арап Ислам әлемі Мұхаммед пайғамбарды қалай қадір тұтса, Қазақ және Түркі әлемі Мұстафа Шоқайды да сондай дәрежеде қадірлеп құрметтеуі тиіс. Өйткені сол заманда Қазақты азаптан азаттыққа жеткізем дегендердің ішінде Мұстафаның орны бір төбе еді. Мұстафа Шоқай тек Қазақтың емес отаршыл патшалық Ресейдің астында езілген барша Түркі мұсылман жұртының қалқанына айналған Алаштың азаматы. Ол қазақ, өзбек деп бөліп жармай «Түркістанның баласы, Түркінің баласы» деп өткен азамат еді», - дейді ғалым. Сондай-ақ, ғалым студенттердің сұрақтарына жауап беріп,  Мұстафа Шоқай туралы ағылышын тілінде баяндама жасаған алғырлықтары мен іздемпазыдықтарына ризалғын білдірді. Сонымен қатар, студенттерге Мұстафа Шоқайдың таспаға жазылып қалған даусы да тыңдатылды.   Жиында шет тілдері мамандығының игеріп жүрген Әсел Жолаушыбай мен Алтынай Қадырқұл ағылшын тілінде баяндама оқыды. Сондай-ақ, жиында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын студенттерде қатысып, көкейлерінде жүрген көп сауалға жауап алды. [caption id="attachment_29031" align="alignnone" width="1000"] width= әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері және шоқайтанушы ғалым Бақыт Сыдықова[/caption] Жаңа формада өткен жиынның ұйымдастырушы: «Мұстафадай атамызға Алаш баласы борыштар деп айта аламын Студенттер Мұстафа Шоқай туралы қазақ тіліндегі деректерді жеттік біледі. Алайда, сол білген білімдерін ағылшын тілінде толық жеткізе алмай жатады. Сондықтан, студенттерге баяндамаларды ағылшын тілінде жазу тапсырылды.  Студенттер ана тілінде оқыған білімдерін толықтай ағылшын тілінде жеткізе білді. Бұл үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын табады», ­- дейді ұйымдастырушылардың бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Әли Арипов.   Сондай-ақ, универистет оқытушылары студенттердің білімін толықтырып, ой-өрісін, ағылшын тіліндегі сөйлеу машығын арттыру мақсатында бұл шара алдағы уақытта да үлкен деңгейде ұйымдастырылады деп отыр.  

Әліби Әріпұлы, Жәнібек ҒАЛЫМ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушусы