221
Трамп Палестина мен Израиль келіссөзіне араағайын болмақшы
Трамп Палестина мен Израиль келіссөзіне араағайын болмақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп палестиндықтар мен израильдіктер арасындағы келіссөзде араағайын болуға дайын екенін жеткізді. Ол мұны Ақ үйде Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббасты қабылдаған кезде айтты.
Екі лидер Таяу Шығыста бейбіт орнату үшін келіссөз мүмкіндіктерін талқылап, "шешілмейтін мәселе болмайды" деген ортақ байламға келген.
Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде Аббас "тарихта қалатын бейбіт келісімге" қол жеткізетіндеріне сенімді екенін білдірді.
Өткен дүйсенбі күні Газа секторын бақылайтын радикалды ХАМАС тобы Израильге қатысты ұстанымдарын көрсететін құжат жариялады. ХАМАС құжатында 1967 жылға дейінгі шекара бойынша Палестина мемлекетін құруға шақырып, босқындарды Израиль аймағындағы үйлеріне қайтаруға үндеген. Израиль үкіметі ХАМАС-тың саяси бағдарламасын халықаралық қауымдастықты "ақымақ" еткісі келеді деп атады.
Мамыр айының аяғында Трамптың Израильге сапары жоспарланған.