«Таза Қазақстан»: Батыс Қазақстанда 132 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

/
«Таза Қазақстан»: Батыс Қазақстанда 132 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды
istockphoto.com

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторингтің және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде облыс аумағында анықталған рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің 132-сі жойылды. 

Заңсыз қоқыс үйіндісін жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны үшін прокурорлық қадағалау актісі негізінде Орал қаласының Круглоозерное кентінің әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 344-бабының 3-бөлігімен) оған 432 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып өндірілді.

Қалған рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда және табиғат қорғау прокуратурасының тұрақты бақылауында. 

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары