Депутаттарға ұсыныстарды цифрлық форматта да жолдауға болады – Снежанна Имашева

/
Депутаттарға ұсыныстарды цифрлық форматта да жолдауға болады – Снежанна Имашева
Құрылтайдың баспасөз қызметі

«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, Құрылтай депутаты Снежанна Имашева Құрылтай жұмысын цифрландыру және e-Quryltai жүйесін енгізу мәселесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Журналист Құрылтай отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Президент e-Quryltai жүйесін енгізу туралы бірнеше рет айтқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстың қалай жүргізілетінін және заң шығару қызметін цифрландыру мәселелері Регламентте қалай қамтылғаны туралы сауал қойды.

Снежанна Имашеваның айтуынша, цифрландыруға қатысты бірқатар норма Құрылтай Регламентінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, депутаттардың ұсыныстар мен тиісті материалдарды ұсыну тәртібі нақтыланған. Құжаттар мен түрлі ұсыныстарды жазбаша түрде ғана емес, цифрлық форматта да жолдауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар депутат e-Quryltai жүйесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, цифрландыру мәселелерінің барлығы Регламентте жеке-жеке көрсетілмегенімен, Құрылтай қызметінде бұл бағытқа ерекше мән беріліп отыр.

«Регламенттің мазмұнына қарасақ, түрлі ұсыныстар мен хаттарды жазбаша немесе цифрлық форматта жіберуге болады. Яғни Құрылтай жұмысын цифрландыру бағыты қалыптасып келеді», – деді Снежанна Имашева.

Ол сондай-ақ Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті Регламентте жеке аталмағанымен, цифрландыруға қатысты мәселелер осы комитеттің қарауына жататынын айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары