Павлодар облысында вейп сатқан күдіктінің автокөлігі тәркіленді

/
Павлодар облысында вейп сатқан күдіктінің автокөлігі тәркіленді
istockphoto.com

Павлодар облысында прокуратураның өтінішхаты бойынша сот қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған құны 12,3 млн теңге болатын автокөлікті сотқа дейін тәркілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылы өңірде электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Топ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. 

Айыпталушылардың бірі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған және оған халықаралық іздеу жарияланған. 

Тергеу барысында оның қылмыстық жолмен алынған қаражатқа «KIA» маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды. Прокурордың өтінішхаты бойынша сот аталған автокөлікті тәркіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары