Министр бас жаттықтырушыларды марапаттады

Министр бас жаттықтырушыларды марапаттады

Министр бас жаттықтырушыларды марапаттады
ашық дереккөзі
229
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Арыстанбек Мұхамедиұлының Алматы қаласындағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне және жалпы командалық есепте Қазақстанның жоғары жетістікке жетуіне қосқан бас жаттықтырушылармен кездесуі өтті. Шара барысында ведомство басшысы спорт қайраткерлеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарын табыстады. Кездесуді ашу сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы тәуелсіз Қазақстанның тарихында және отандық спортшылардың Универсиадаларға қатысу шежіресінде алғаш рет еліміздің ұлттық құрамасы бүкіләлемдік студенттер ойындарының жалпыкомандалық есебінде құрметті екінші орынға табан тірегендігін ерекше атап өтті. «Бұл жеңістер, ең алдымен, Елбасының ұдайы қолдауы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметі, мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы және, әрине, Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында жүзеге асты. Бүгін мен қысқы спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушылардың осы жеңістерге қосқан үлестеріңіді, әрқайсыңызды ерекше атап, жоғары санатты спортшыларды даярлаудағы сіздердің жемісті қызметіңізге алғысымды білдіргім келеді», - деді министр. Сонымен қатар ол Универсиада мемлекетіміздің кең мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, алдағы уақытта одан да ірі халықаралық спорттық шараларды өткізуде визит картасына айналғандығын тілге тиек етті. Мәдениет және спорт ведомствосында бүгін марапатталғандардың қатарында: Шорт-трек спорт түрінен бас жаттықтырушы Мәдіғали Қарсыбеков, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрінен бас жаттықтырушы Құралай Узурова, шаңғы жарысынан бас жаттықтырушы Александр Батяйкин, фристайл могулдан бас жаттықтырушы Виктор Лемешко, фристайл могулдан аға жаттықтырушы Елена Круглыхина, фристайл акробатикадан бас жаттықтырушы Мурат Аблятифов, биатлоннан бас жаттықтырушы Михаил Дудченко, шайбамен хоккейден бас жаттықтырушы Сергей Старыгин болды. Кездесу соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі кездесу қатысушыларына алдағы лицензиялық жарыстар мен 2018 жылғы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетуді тіледі. Еске салып кетсек, XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Қазақстан ұлттық құрама командасы барлығы 36 жүлде, соның ішінде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальға қол жеткізді.  

Серіктес жаңалықтары