Ұлдана Мырзуанның өлімі: Сарапшы үй қабырғасының не себепті опырылғанын айтты

/
Ұлдана Мырзуанның өлімі: Сарапшы үй қабырғасының не себепті опырылғанын айтты
видеодан скриншот

Астанада фельдшер Улдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сот процесінде құрылыс саласының маманы Вероника Лабаева сөз сөйледі. Ол ғимараттың конструктивтік ерекшеліктеріне тоқталып, оның пікірінше, қасбеттің құлауына себеп болуы мүмкін негізгі факторды атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Лабаеваның айтуынша, ғимаратта бастапқыда биіктігі бес қабатқа дейінгі нысанға арналған конструктивтік шешім қолданылған. Ал іс жүзінде ғимарат тоғыз қабатты, оның үстіне техникалық қабаты бар.

Маманның пікірінше, ғимараттың биіктігі артқан кезде конструкцияға түсетін жүктеме айтарлықтай көбейген. Оның бағалауынша, бұл құлаудың себептерін анықтау кезінде ескерілуі тиіс негізгі факторлардың бірі.

Лабаева Улдана Мырзуанның қаза болуына себеп болған кондиционерге де жеке тоқталды.

«Егер ұзынырақ анкерлер қолданылып, оларды кронштейн арқылы көтергіш конструкцияға тереңірек бекіткен жағдайда, қаптама құлағанның өзінде бұл болт түсіп кетпес еді», – деді Лабаева.

Сонымен қатар маман жабдықты бекітуді жеке ақау ретінде қарастыратынын және кондиционердің құлауын кірпіш қалау конструкциясының опырылуымен тікелей байланыстырмайтынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары