Семейде зейнеткерді көлік қағып, көз жұмды

/
Семейде зейнеткерді көлік қағып, көз жұмды
Абай облысының Полиция департаменті

Семейде 8 қыркүйек күні күндіз реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, сағат 12:00 шамасында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде 69 жастағы әйелді қағып кеткен.

Сол сәтте әйел реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың қарсы бетіне өтіп бара жатқан. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары