Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуды талқылады

/
Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуды талқылады

Қырғыз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев арасында телефон арқылы сөйлесу өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қырғызстан СІМ басшысы қазақстандық әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгіме барысында министрлер қазақ-қырғыз одақтастық қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге жан-жақты жәрдемдесуге өзара ниет білдірілді.

Сонымен қатар министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, жоғары және аса жоғары деңгейлердегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін қарастырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары