Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

/
Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ орманның ең ірі мекендеушілерінің бірі — бұланды тіркеп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ірі денесі, ұзын аяқтары және аталықтарының жалпақ мүйіздері арқылы бұланды өзге тұяқтылардан бірден ажыратуға болады. Салмағы бірнеше жүз келіге жететін алып жануар орман ішінде еркін қозғалады.

Бұлан негізінен орманды және суға жақын аумақтарды мекендейді. Дене тұрқы ірі болғанымен, адамдардан бойын аулақ ұстауға тырысады. Сол себепті оның табиғи ортадағы тіршілігін фототұзақ арқылы бақылау — ерекше мүмкіндік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары