Президент Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген құжатта.