Қонаевта 6 жастағы бала пәтерде қамалып қалған

/
Қонаевта 6 жастағы бала пәтерде қамалып қалған
ТЖМ

Қонаев қаласында пәтерлердің бірінде жабық есіктің ар жағында алты жасар баланың қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жетті. Олар үш иінді сатының көмегімен балконға көтеріліп, пәтерге кіріп, ішінен кіреберіс есікті ашты.

Бала пәтердің ішінде болған. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары