"МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалықты бөлісіп, әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің Ақтауға келгенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Бұған дейін Кенжебек Жанәбілов жүрек ұстамасынан кейін ауруханаға түскен болатын. Ем қабылдағаннан кейін оның денсаулығы жақсарып, дәрігерлер әуе көлігімен сапарға шығуына рұқсат берген.
"Сүйінші, қазақ елі. Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, Құдай қаласа", – деді Сәкен Майғазиев.
Әншінің жазбасына пікір қалдырған оқырмандар Кенжебек Жанәбіловке саулық тілеп, "МузАРТ" тобының қайтадан толық құрамда өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.
Кейбір желі қолданушылары бұған дейін топтың концерттердің бірінде екі адам болып шыққанын айтып, Кенжебектің тезірек сауығып, сахнаға оралуын тіледі.