"Құтты болсын": Төреғали Төреәлінің қарындасы қуанышты хабарын жеткізді

/
"Құтты болсын": Төреғали Төреәлінің қарындасы қуанышты хабарын жеткізді
ашық дереккөзден

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі анасы Аягөз Қосбатырқызын туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп turkystan.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фариза анасының отбасы үшін ерекше орны бар екенін айтып, бала күнінен көрген мейірімі мен қамқорлығын еске алды.

"Анашым дегенде жүрегім елжіреп, дүниенің бар жақсысын алдына жиып бергім келеді. Жүзіндегі күлкісі, қуанышы үшін бәрін жасауға даяр тұрамын. Себебі ана – соның бәріне лайықты", – деп жазды ол.

Оның айтуынша, Аягөз Қосбатырқызы өмірін балалары мен отбасына арнап, әулеттің берекесін кіргізіп отырған жан. Фариза өзі де ана атанғаннан кейін ана махаббатының қадірін бұрынғыдан да терең түсіне бастағанын жеткізді.

"Анашым, сіздің қызыңыз болғанымды әрдайым мақтан тұтамын. Әр балаңыздың әр жетістігінің артында – сіз барсыз", – деді Фариза.

Ол анасына ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеп, әкесімен бірге балалары мен немерелерінің қызығын көруіне тілектестік білдірді.

"Сіз бар үйге әлі күнге дейін қыз болып бара алатыным – өмірімдегі ең тәтті бақытымның бірі", – деп жазды ол.

Фариза Төреәлі анасына деген махаббаты мен алғысын білдіріп, алдағы ғұмырының шуақты әрі бақытты болуын тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар