Доллар бағасы 458 теңгеге дейін түсті

/
Доллар бағасы 458 теңгеге дейін түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,45 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,12 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 1 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы – 462,31 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 458,21 теңге, ал сатудың орташа бағамы 460,27 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр. Шымкентте долларды сатып алудың орташа бағамы 458,44 теңге, ал сату бағамы 460,54 теңгені құрайды.

Еске салайық, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өсті, 27 тамызда 3,28 теңгеге қымбаттады, 28 тамызда 2,1 теңгеге көтерілді, ал 31 тамызда 2,23 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары