Қазақстанда 4,1 миллионнан астам оқушы мектепке барды

/
Қазақстанда 4,1 миллионнан астам оқушы мектепке барды
istockphoto.com

Бүгін, 1 қыркүйек күні Қазақстанда мектептердегі оқу жылы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026–2027 оқу жылында еліміздің мектеп жүйесі 4,1 миллионнан астам оқушыны қабылдауы тиіс. Олардың ішінде 380 мыңнан астамы – бірінші сыныпқа баратын оқушылар.

Ал 2025–2026 оқу жылында Қазақстан мектептерінде 3,9 миллионнан астам бала білім алған. Оның ішінде 363 мыңнан астам оқушы алғаш рет бірінші сыныпқа барған.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024–2025 оқу жылындағы көрсеткіштен 1,6%-ға жоғары. Ол кезде елде 7 920 мектеп болған.

2026 жылғы қаңтар–шілде айларында елімізде жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Оның 14-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары