Елена Рыбакина WTA Live-рейтингінде көш бастады

/
Елена Рыбакина WTA Live-рейтингінде көш бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің басталуымен Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі есеп бойынша Рыбакинаның еншісінде 7911 ұпай бар. Беларусь өкілі Арина Соболенко 6585 ұпаймен екінші орынға түсті. Алайда турнир басталғанға дейін жарияланған WTA-ның ресми рейтингінде Соболенко 8575 ұпаймен көш бастап тұр, ал 8141 ұпай жинаған Рыбакина екінші орында орналасқан. US Open басталар алдында теннисшілердің 2025 жылғы турнирде жинаған ұпайлары есептен шығарылды.

Жарыстың қазіргі чемпионы болған Соболенко 2000 ұпайынан айырылса, Рыбакинаның есебінен әлдеқайда аз ұпай шегерілді. Соның нәтижесінде Қазақстан өкілі биылғы US Open аяқталмай тұрып-ақ Live-рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Live-рейтинг - ағымдағы турнир аптасы барысында өзгеріп отыратын нәтижелер мен ұпайларды ескере отырып есептелетін теннисшілердің рейтингтегі орындарының алдын ала көрсеткіші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары