Асу Алмабаев ACBJJ 22 турнирінің чемпионы атанды (ВИДЕО)

/
Асу Алмабаев ACBJJ 22 турнирінің чемпионы атанды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ACBJJ 22 турнирінде чемпиондық титулды жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақтағы All-Stars Title Match титулы үшін өткен белдесуде Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен кездесті.

Жекпе-жек No-Gi ережесі бойынша өтті. Бұл форматта спортшылар кимонодан бас тартып, арнайы спорттық киіммен күреседі.

Тартысты белдесу толық уақытқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Асу Алмабаев жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық файтер ACBJJ 22 турнирінің чемпиондық титулын иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары