"Қайраттың" Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

/
"Қайраттың" Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

Алматылық "Қайраттың" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Монакода өткен жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық клуб алты командамен кездеседі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері жалпы кезеңде алты матч өткізеді. Оның үшеуі Алматыда, қалған үшеуі сырт алаңда өтеді.

"Қайрат" өз алаңында Грекияның "Панатинаикос", Румынияның "Университатя Крайова" және Швецияның "Мьельбю" клубтарын қабылдайды. Ал сырт алаңда алматылықтар Италияның "Аталанта", Нидерландының "Твенте" және Латвияның "Рига" командаларымен күш сынасады.

Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар 2026 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында өтеді. Жалпы кезеңге 36 клуб қатысады. Оның қорытындысы бойынша үздік 24 команда жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары