Энергетикалық сусындар жүрек жұмысын бұзады

Энергетикалық сусындар жүрек жұмысын бұзады

Энергетикалық сусындар жүрек жұмысын бұзады
ашық дереккөзі
1291
Энергетикалық сусындар әлемдегі ең зиянды сусындардың бірі. Олар тіпті құрамында кофеин бар сусындардан да қауіпті. Мұны Калифорниядағы Трэвис әуебазасының әскери қызметкерлеріне зерттеу жүргізген америкалық кардиологтар дәлелдеп отыр. Қызметкерлердің 75% энергетикалық сусындар ішкен. Кардиологтар зерттеуге қатысқан еріктілерді екі топқа бөліп, біріншісіне тек энергетикалық сусындар, екіншісіне құрамында кофеин бар сусын берген. Энергетикалық сусын ішкендерде QT интервалының 10 миллисекундқа ұзарғаны байқалған. Бұл жүрек қағысының аралығындағы үзіліс. Осы үзіліс не тым қысқа, не тым ұзақ болса жүрек жұмысы бұзылады. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Зерттеу авторы Эмили А.Флетчер энергетикалық сусындар құрамында жүрек – қан тамыр жүйесіне қауіпті заттар бар дейді.  

Серіктес жаңалықтары