Әскери шеруге алғаш рет броньдалған «Арлан» машиналары қатысады

Әскери шеруге алғаш рет броньдалған «Арлан» машиналары қатысады

Әскери шеруге алғаш рет броньдалған «Арлан» машиналары қатысады
ашық дереккөзі
288
Астанада ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған әскери парадтың негізгі дайындығы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы парадқа 5 мың адам, 300 әскери техника және 70 ұшу аппараты қатысады. Жаяу колоннаны "Жас ұлан" мектебінің барабаншылары бастап шығады. Олардан кейін құрлық әскерінің сарбаздары, әскери-теңіз күштері, аймақтық құрылымдардың сарбаздары, барлаушылар, шекарашылар, арнайы мақсаттағы жасақтар, әскери қызметте жүрген әйелдер, әскери полицейлер, "Қазбриг" бітімгерлер ротасы, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, Ұлттық және Республикалық Ұлан сарбаздары сап түзейді. Парадқа алғаш рет аумақтық қорғаныс әскерлерінің бірлескен құрамы қатысады. Ал әскери теxникалар шеруінде, «Смерч» дүркіндете оқ ату реактивті жүйесі, танкілер, зымыран кешендері, броньдалған көліктер, мина атқыштар, квадрациклдер, әскери багги, дрондар, байланысты бұғаттау мен тосқауыл жасау қондырғылары, адамдар мен жүктерді тасымалдайтын автомобильдер, зенит кешендері көрсетіледі. Әскери парадқа алғаш рет отандық "Арлан" броньдалған машиналары қатысады. Дөңгелекті 16 тонналық теxниканың жылдамдығы - сағатына 100 шақырым. Осыдан кейін авиашоу басталады. Аспанда әскери тіұшақтар мен ұшақтар өнер көрсетеді.    

Серіктес жаңалықтары