Қарағандылық "Шахтер" араға 2 жыл салып премьер-лигаға жолдама алды

/
Қарағандылық "Шахтер" араға 2 жыл салып премьер-лигаға жолдама алды
"Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубы Бірінші лига қорытындысы бойынша Қазақстан премьер-лигасына шығуды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

20-тур аясында «Шахтер» Семейдің "Елімай-М" командасын сырт алаңда 3:0 есебімен жеңді. Голдарды Андрей Ульшин 37-минутта, Нұрхан Қағазбаев 45-минутта және Артем Литош 70-минутта соқты.

Чемпионаттың аяқталуына алты тур қалғанда қарағандылық клуб 55 ұпай жинады. Команда 18 рет жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, бір рет жеңілген.

Осы нәтижеден кейін "Шахтер" турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтып, Қазақстан премьер-лигасына жолдама үшін таласып жатқан өзге командалар үшін қол жетпейтін межеге жетті.

Премьер-лигаға фарм-клубтарды есептемегенде, Бірінші лиганың үздік екі командасы шығады.

Қазір екінші орында алматылық "Қайрат-Жастар" тұр, алайда фарм-клуб болғандықтан, оның КПЛ-де ойнауға құқығы жоқ. Екінші жолдамаға басты үміткер – әзірге үшінші орында келе жатқан Түркістанның "Тұран" командасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары