15 жастағы шахматшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

/
15 жастағы шахматшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Алматы әкімдігі

15 жастағы алматылық Мария Холявко 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шахматтан Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнир 16-26 тамыз аралығында Мумбайда (Үндістан) өтті. Жарысқа 66 шахматшы қатысты.

Мария өзінен ересек спортшылар бақ сынаған жас санатында өнер көрсетіп, жарысты жеңіліссіз аяқтады. Ол тоғыз партияның бесеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде тең түсті. Нәтижесінде мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін жинады.

Турнир қорытындысы бойынша алматылық шахматшы екінші орын иеленіп, жеңімпаздан небәрі 0,5 ұпайға қалып қойды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары