Клинтон сайлауда жеңілгенін Ресей мен FBI-дан көреді

Клинтон сайлауда жеңілгенін Ресей мен FBI-дан көреді

Клинтон сайлауда жеңілгенін Ресей мен FBI-дан көреді
ашық дереккөзі
306
  АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылы президент сайлауында жеңілгеніне Ресей мен АҚШ Федералдық тергеу бюросының (FBI) бастығы Джеймс Комиді кінәлі деп тапты. Оның сөзінше, Ресей мен FBI-дың килігуі "сайлаушыларды үркіткен". 2016 жылы қарашада өткен сайлауда Дональд Трампқа қарсылас болған Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон бұл туралы Нью-Йорктегі әйелдер форумында айтты. Клинтон Трамп әйелдерге қырындауды талқылаған ескі бейнежазбаның жариялануын еске алды. Оның сөзінше, "бейнежазба жарияланғаннан "бір я екі сағаттан соң" ресейлік хакерлер Клинтонның сайлауалды штабы мүшелерінің электрондық почталарын бұзып, ондағы хаттарды WikiLeaks-ке жариялаған. "Не деген ұқсастық. Мұндайды жайдан-жай ойлай алмайсың" деді Клинтон. Ол сонымен бірге Трамптан жеңілуіне себеп болған үлкен жаңсақтығы үшін өзі жауапты екенін айтты. Бұрынғы мемлекеттік хатшы ресейлік хакерлердің киліккенін ашық айтып, FBI директорын да атап өтті. 8 қарашадағы сайлау қарсаңында Джеймс Коми Клинтонға қарсы оның мемлекеттік хатшы болып тұрғанда жеке серверінен хат жолдағанына байланысты істі қайта көтеретінін мәлімдеген.  

Серіктес жаңалықтары