Атырауда қауіпті массажер сатқан кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды

/
Атырауда қауіпті массажер сатқан кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды
istockphoto.com

Атырау қаласының тұрғынының қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін аяқ пен арқаға арналған электр массажерлерін сатып алу фактісі бойынша «AMANAT GROUP» жеке кәсіпкерінің үстінен арыз түсірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Арыз негізінде жоспардан тыс тексеріс жүргізген Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің қызметкерлері электр техникасын сату кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру іс-шараларының нәтижесінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сату фактісі анықталды. Атап айтқанда, өнімде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалау және пайдалану құжаттары болмаған, сондай-ақ өнімнің ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттеріне сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған.

Анықталған бұзушылықтар бойынша құқық бұзушы 843 375 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушыға талаптарға сәйкес келмейтін өнімді сатуға тыйым салу туралы нұсқама берілді.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар