Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен Орталық Азия чемпионатында 11 алтын, 9 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлболсын Есіркеп (найза лақтыру), Юлия Башманова (100 м кедергілер арқылы жүгіру), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Виктория Ан (100 метрге жүгіру), Иван Иванов (ядро серпу), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Зелимхан Насыров (үш қарғып секіру), Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Антонина Чернышева және Юлия Башмановадан құралған команда (4×100 метрлік эстафета), Виктория Ан (200 метрге жүгіру) алтын медальға ие болды.
Никита Изотов (800 метрге жүгіру), Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот және Ромео Петров (4×100 метрлік эстафета), Алан Иванов (400 метрге жүгіру), Милана Зубарева (400 метрге жүгіру), Анастасия Калошина (балға лақтыру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Анастасия Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Давид Ефремов (110 м кедергілер арқылы жүгіру), Ақбілек Құралбай (3000 м кедергілер арқылы жүгіру), Томирис Ерматова (балға лақтыру), Варвара Дмитриева (үш қарғып секіру), Антонина Чернышева (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Екатерина Колода (400 м кедергілер арқылы жүгіру) қола медаль жеңіп алды.