232
Ұлыбритания парламенті жұмысын тоқтатты
Ұлыбритания парламенті жұмысын тоқтатты
Ұлыбритания парламенті сәрсенбіге қараған түні 8 маусымда болатын кезектен тыс сайлауға дейін жұмысын тоқтатты.
Британ заңына сәйкес, сайлауға дейін 25 жұмыс күні қалғанда, парламенттегі кез-келген жұмыс түрі тоқтатылады, ал депутаттар мәртебесін жоғалтады. Оларға Вестминстер сарайындағы жұмыс орнын босату үшін, бірнеше күн мұрсат береді.
Сәрсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Елизавета II-патшайымға барып, парламенттің тарағаны жөнінде және сайлау кампаниясының басталғаны жөнінде хабарлайды.
18 сәуірде Мэй парламентке барып, мерзімінен үш жыл бұрын сайлау өткізуді жариялауын сұрады. Сайлау қорытындысынан кейін, консерваторлар лидері Мэй өзінің ұстанымын нығайтатынына сенімді.
2016 жылдың жазында британдықтар Еуроодақтан шығуды қолдап дауыс берген. Ұлыбритания Еуроодаққа 1973 жылы қосылды әрі бұл одақтан шығатын бірінші мемлекет болмақ.