Балуан Нұрдәулет Сейілбеков әлем чемпионатында қол жүлде алды

/
Балуан Нұрдәулет Сейілбеков әлем чемпионатында қол жүлде алды
olympic.kz

Қазақстан еркін күрестен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нұрдәулет Сейілбеков 74 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде Италия өкілі Алессио Перентинді жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрестен әлем біріншілігін үш медальмен аяқтады. Бұған дейін Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс медальға ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары