"Қақатыма ризашылығым шексіз": Қыдырәлі Болман жұбайына жүрекжарды жазба арнады

/
"Қақатыма ризашылығым шексіз": Қыдырәлі Болман жұбайына жүрекжарды жазба арнады
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Қыдырәлі Болман әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі осыдан бірнеше жыл бұрын дәл 20 тамыз күні Алматыдағы Орталық мешітте ақ некесін қиғанын еске алды. Ол сол сәтте Алладан отбасына береке, бірлік пен адалдық тілегенін жазды.

"Бүгін 20-тамыз, қасиетті жұма күні Алматының орталық мешітіне барып, ақ некемізді қидырдық…. "Ей мейірімді Алла, өзің қостың, енді өзің екеумізді ажыратпа! Бақыт бер, арамызға адалдық, ынтымақ-бірлік бер, бірлігімізге береке бер" деп тілеген күніміз бүгін. Аллаға сансыз мадақ! Алла бере салғандарымды тоғыз ай көтеріп, әрқайсын өмір мен өлімнің арасында айқасып, дүниеге келтіретін ардақты аналарымызды ардақтай алу да – бір бақыт!

Асыл жарым, өмірлік серігім, балапандарымның анасы – Қақатыма да ризалығым шексіз! Жақсы көремін, жан-жарым. Алла ұзағынан сүйіндірсін! Ең үлкен бақыт – балаларымыздың бақытын көрсетсін! Шүкір етеміз!

Сіздерге де бақыт-береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мемлекетіміз, еліміз, жеріміз аман болсын!" – деп жазды өнер иесі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары