Дзюдошы Бекарыс Құдайберген әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі

/
Дзюдошы Бекарыс Құдайберген әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі
Абай облысы әкімдігі

Абай облысының жас спортшысы Бекарыс Құдайберген 20-23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Дүбірлі додаға әлемнің 59 елінен 457 жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтауда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үржар ауданындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Бекарыс Құдайберген 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Жарыс барысында жас дзюдошы бес белдесу өткізіп, алғашқы кездесулерінде словакиялық Адам Маркович пен италиялық Исмаэль Мехабраны жеңді. Ширек финалда әзербайжандық Фарид Рзазадеге есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде алаң иесі эквадорлық Эмилиано Гарсиядан басым түсті. Ал қола жүлде үшін белдесуде грузиялық Саба Нозадзені жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.

Бұл Бекарыстың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушысының кәсіби дайындығының нәтижесі.

Айта кетейік, аталған әлем чемпионатында Абай облысының тағы бір спортшысы Әлижан Сайлаубеков 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шығады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары