Қазақстан білім берумен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, ал елдегі жұмыссыздық деңгейі шамамен 4,5%-ды құрайды. Бұл туралы Астанада өткен «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum-ында айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа атап өткендей, қол жеткізілген көрсеткіштер елімізде адами капиталды дамытудың келесі кезеңі үшін негізгі жағдайлар жасалғанын көрсетеді.
Қазір білім алуға қолжетімділік пен жұмыс орындарының болуы ғана емес, сонымен қатар олардың сапасы, еңбек өнімділігі және экономикада жасалған қосымша құн да маңызды болып келеді.
Өмір сүру сапасының басқа көрсеткіштерінде де оң үрдістер байқалады. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы бес жылдан астам уақытқа ұзарып, шамамен 76 жасқа жетті. Сонымен қатар, ана мен бала өлімі көрсеткіштері төмендеуде.
Осылайша, Қазақстанның болашақтағы әлеуметтік күн тәртібі негізгі мүмкіндіктерді кеңейтуден біртіндеп адами капиталдың сапасын жақсартуға және оны экономикада тиімдірек енгізу үшін жағдайлар жасауға ауысуда.
Еске сала кетейік, Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum өтті. Форумға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.