373
"Сомон Эйр" Мәскеуге ұшады
"Сомон Эйр" Мәскеуге ұшады
Тәжікстандық "Сомон Эйр" әуе компаниясы Душанбе мен Худжандтан Мәскеуге ұшуға рұқсат алды.
"Сомон Эйр" әуе компаниясының баспасөз хатшысы Тимур Бандишоевтың хабарлауынша, өткен аптада Мәскеуде Ресей мен Тәжікстанның авиация өкілдері кездесіп, жиын нәтижесінде ресейлік қалаларға ұшуға салынған тыйым алып тасталынды.
Душанбе-Мәскеу-Душанбе рейстері аптасына төрт мәрте - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері, ал Худжанд-Мәскеу-Худжанд бағыты - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асады.
Еске салайық, "Сомон Эйр" рейстеріне тыйымды Ресей өткен жылдың аяғында енгізді. Оған Тәжікстанның ресейлік "Ямал" әуе компаниясының Душанбе бағытындағы рейстеріне тыйым салуы себеп болды.