258
Министр Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді
Министр Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді
Елордада Малердің №8 симфониясын бір мезетте 1500 адам орындайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір біз ашық аспан аясында үлкен туындыларды сахналауды насихаттау үстіндеміз. Бұл дұрыс та. Мәселен, «Аида» операсын, «Дон Кихот» балетін сахналаған едік. Енді алғаш рет «Қыз Жібекті» көрсететін боламыз. Тағы бір айта кетерлігі, біз Малердің №8 симфониясын тұңғыш рет қоймақ ниеттеміз. Оған 1500 адам қатысады. Яғни, бұған дейін 1400 адам бір мезетте осы симфонияны орындап рекорд орнатқан болатын. Біз 1500 адамның орындауында рекордтар кітабына енгіміз келеді», – деді Мұхамедиұлы. Айта кетейік, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Димаш Құдайберген екі күн концерт беретіндігін айтқанын хабарлаған едік.