"Бұл – тек бастамасы": Нұрай Серікбайдың ағасы маңызды мәлімдеме жасады

/
"Бұл – тек бастамасы": Нұрай Серікбайдың ағасы маңызды мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде видео жариялап, қарындасының ісіне қатысты сот процестері әлі толық аяқталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, алда апелляциялық және кассациялық сатылар, сондай-ақ тергеушілерге қатысты сот процесі бар. Сондықтан ол істің соңына дейін баратынын жеткізді.

"Әлі апелляция, кассация, тергеушінің соты бар. Істі аяғына дейін жеткізген жоқпыз. Бұл – тек бастамасы", – деді Сұлтан Серікбай.

Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен жұртшылыққа және мемлекеттік органдарға алғыс білдірді. Сұлтан Серікбай прокуратура мен Ішкі істер министрлігін атап өтіп, Мемлекет басшысына да ризашылығын жеткізген.

Еске салайық, Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот оны аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар