Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев жаңа маусымды Англияда өткізеді. Футболшы «Челсиден» Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» клубына бір маусымға жалға берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сәтпаевтың жаңа командаға ауысқаны туралы «Челси» мен «Бернли» клубтарының әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарланды.
19 жастағы футболшы бұған дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, кейін лондондық «Челсиге» ауысқан еді. Енді қазақстандық ойыншы Англия чемпионатындағы тәжірибесін «Бернли» құрамында жалғастырады.
Сәтпаев та мансабындағы жаңа кезеңге қатысты пікір білдіріп, бұл қадамды дамуына мүмкіндік беретін маңызды тәжірибе ретінде бағалады.
«Бұл тек бастамасы. Жалға бару – менің мықтырақ болуыма көмектесетін жаңа тәжірибе. Бар жақсысы алда. Алға, қазақ елі!» – деп жазды футболшы.
Айта кетейік, «Бернли» – Англиядағы тарихы терең клубтардың бірі. Команда қазіргі таңда елдің Чемпионшип дивизионында өнер көрсетеді.