"Тобыл" сербиялық клубтан тағы жеңіліп, еурокубоктағы жорығын аяқтады

/
"Тобыл" сербиялық клубтан тағы жеңіліп, еурокубоктағы жорығын аяқтады
"Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі

Қазақстандық "Тобыл" УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық "Партизаннан" өз алаңында жеңіліп, еурокубоктағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанайдағы Орталық стадионда өткен қарымта матч қонақтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Кездесудің 7-минутында Ислам Чесноков есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. 

Алайда екінші таймда "Партизан" ойынды өз пайдасына бұра алды. 47-минутта сербиялық қорғаушы Стефан Митрович есепті теңестірсе, 90+2-минутта ивуариялық шабуылшы Шака Траоре жеңіс голын соқты.

Екі матчтың қорытындысы бойынша белградтық клуб 5:1 есебімен басым түсіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Енді "Партизан" испаниялық "Хетафемен" кездеседі.

Ал "Тобыл" биылғы еурокубоктағы өнерін аяқтады. Қазақстандық клубтардан халықаралық аренада әзірге тек "Қайрат" қалды. Алматы командасы кемінде Конференция лигасының жалпы кезеңіне қатысу құқығына ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар