Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің жартылай финалына шықты

/
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің жартылай финалына шықты
WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ширек финалдық кездесуде ол Жапония өкілі, WTA рейтингінде 13-орында тұрған Наоми Осаканы үш сетте 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Торонтодағы турнирдің жартылай финалында Рыбакина америкалық Кори Гауффпен ойнайды.

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Торонтодағы "Мастерс" турнирінен шығып қалды. Егер Рыбакина турнирде жеңіске жетсе, WTA рейтингінде Соболенкоға дейінгі айырмашылық небәрі төрт ұпайға дейін қысқарады.

Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнир 2-13 тамыз аралығында өтеді. Өткен жылы жарыс Монреальда өткен болатын. Ол кезде Наоми Осака финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде канадалық теннисші Виктория Мбокодан 6:2, 4:6, 1:6 есебімен жеңілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары