«Қайрат» – «Левски» матчы: Полиция жанкүйерлерге үндеу жасады

/
«Қайрат» – «Левски» матчы: Полиция жанкүйерлерге үндеу жасады
istockphoto.com

Бүгін «Түркістан Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» пен «Левски» командалары арасында футбол матчы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты полиция қалада адам көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

Полицейлер тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

– Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз, – дейді тәртіп сақшылады.

Қоғамдық қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Заң мен тәртіпті қатаң сақтап, спорттық шараның жоғары деңгейде әрі қауіпсіз өтуіне бірге үлес қосайық!

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар